Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

«Қалың малға 10 млн, 1 келі алтын»: қазақ қызы араб жігітіне тұрмысқа шықты

«Қалың малға 10 млн, 1 келі алтын»: қазақ қызы араб жігітіне тұрмысқа шықты
Сурет: ozgerisinfo

 Әлия Алиеваның сіңлісі араб елінің азаматына тұрмысқа шықты. Қалыңдықтың ұзату тойынан кадрлар әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, күйеу жігіт қалың малға 10 миллион теңге мен 1 келі алтын берген. Бұдан бөлек, су жаңа Mercedes автокөлігін сыйға тартқаны айтылады.

Салтанатты шарадан кейін желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қалың малдың көлемін қызу талқылаған.

«Біз тегін келіппіз ғой», «Жақсы бағаға өтіпті», «Бастысы қыз жыламай жүрсін», «Жігіттің туыстары жоқ па», «Ертең орандырып, үшінші әйелі етіп қоймасын», - деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, бұл ақпарат әлеуметтік желіде тараған жазбаларға негізделген.