Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

25 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

25 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Найзағай жарқылы. Көрнекі фото: freepik.com

25 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» мәліметінше, кей қалаларда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жекелеген аймақтарда бұршақ пен екпінді жел күтіледі. Ал елдің батысында аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астанада күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +8…+10, күндіз +24…+26 градус.

Алматыда түнде жаңбыр, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай ойнап, жел күшейеді. Түнде +17…+19, күндіз +26…+28 градус.

Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +31…+33 градус.

Ақтөбеде күн аз бұлтты әрі жауын-шашынсыз. Түнде +14…+16, күндіз +31…+33 градус.

Ақтауда жауын-шашын болмайды. Түнде +20…+22, күндіз +30…+32 градус.

Атырауда күн ашық әрі ыстық болады. Түнде +21…+23, күндіз +35…+37 градусқа дейін көтеріледі.

Жезқазғанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +13…+15, күндіз +28…+30 градус.

Қарағандыда күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде +11…+13, күндіз +21…+23 градус.

Көкшетауда жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде +11…+13, күндіз +24…+26 градус.

Қонаевта түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей уақытта екпінді жел соғады. Түнде +16…+18, күндіз +27…+29 градус.

Қостанайда жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Түнде +10…+12, күндіз +28…+30 градус.

Қызылордада күн ашық. Түнде +17…+19, күндіз +30…+32 градус.

Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +11…+13, күндіз +24…+26 градус.

Петропавлда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Түнде +11…+13, күндіз +24…+26 градус.

Семейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, жел күшеюі ықтимал. Түнде +11…+13, күндіз +19…+21 градус.

Талдықорғанда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10…+12, күндіз +26…+28 градус.

Таразда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +14…+16, күндіз +28…+30 градус.

Түркістанда күн жауын-шашынсыз болады, күндіз екпінді жел соғады. Түнде +16…+18, күндіз +31…+33 градус.

Оралда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін. Түнде +18…+20, күндіз +32…+34 градус.

Өскеменде жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы ықтимал. Түнде +12…+14, күндіз +19…+21 градус.