Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

«Боди массаж жасайды»: Нұрсұлтан Жақсыген айыпты мойындамады

«Боди массаж жасайды»: Нұрсұлтан Жақсыген айыпты мойындамады
Сурет: ruslan_utepbai instagram парақшасынан алынған

Алматыда танымал әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыген мен экс-әйелі Фаризаға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сот процесіне танымал журналист Руслан Өтепбай да келген. Ол Нұрсұлтан Жақсыгеннен сұхбат алып, Фаризаға жазылған хабарламаларды кім жазғанын сұрады.

Алайда әзілкеш өзіне тағылған кінәні мойындамады. Оның айтуынша, әлдекімдер жалған аккаунттар ашып, оның атынан түрлі хабарламалар жазған.

«Сот сараптама жүргізіп жатыр осы іс бойынша. Аккаунтыма байланысты атымнан түрлі парақшалар ашылып, жалған хабарламалар жазған. “Боди массаж жасайды” деп жазған мен емес. Әйелім мен отбасын сығандарға теңеген де мен емес. Мен тек “балаларды көрсет” деген тақырыптарда жаздым. Кез келген адам аккаунтына “Нұрсұлтан Жақсыген” деп жазып қоя салады. Менің өзімде TikTok-та, Instagram-да 10 аккаунт бар. Менің WhatsApp нөміріме шабуыл жасалды. Менде бүкіл дәлелдер бар. Сот мен деп шығарса, демек әділ емес», - деді ол.