Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Жұлдыз Әбдікәрімова отбасындағы қаралы хабарды жеткізді

Жұлдыз Әбдікәрімова отбасындағы қаралы хабарды жеткізді
Сурет: sn.kz_media

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова отбасына ауыр қайғы келгенін айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында көңіл айту жазбасын жариялады. Өнер иесі енесінің туған інісі дүниеден өткенін жеткізіп, марқұмның артында қалған туған-туыстарына сабыр тіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Актриса жазбасында өмірдің өткіншілігіне тоқталып, кеше ғана қасында жүрген адамның бір сәтте бақилық болғанын айтып, қазаның ауыр тигенін жеткізді.

«Заман зулап өте шығады екен. Кеше ғана ортамызда жүрген адамға қас-қағым сәтте Алладан әмір келіп, мәңгілік сапарына аттанды. Жүрек езіліп, сағыныш пен қимастық қанша қыспаққа алса да, ақиқатқа бас иіп, Алланың әміріне мойынсұнып қайттық. Ағайынға Алла сабыр берсін!» - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Сондай-ақ актриса марқұмның жаны жәннатта болып, иманы жолдас болуын тіледі.