Атырауда екі бойжеткен есірткі заттарын таратумен айналысты деген күдікпен ұсталды,, деп хабарлайды Arasha.kz, Bairaq Media-ға сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында болған. Шамамен сағат 16:25-те есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кәмелетке толған екі қызды ұстаған.
Олар есірткі заттарын арнайы орындарға жасырып кету, яғни «закладка» жасау арқылы таратумен айналысуы мүмкін деген күдікке ілінген.
Ұстау кезінде қыздар қылмыс үстінде қолға түскені айтылады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тәркіленген заттарға қатысты тиісті сараптама жүргізіліп жатыр.
Полицияның ресми түсініктемесі күтілуде.