Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Астанада 6-қабаттан дәрет сындырған ер адам іздестірілуде

Астанада 6-қабаттан дәрет сындырған ер адам іздестірілуде
Сурет: Ozgeris.info

Астанада тұрғын үйлердің біріндегі алтыншы қабаттың терезесінен дәрет сындырған ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz, Ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

Оқиға елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қара киім киген ер адамның терезе алдында тұрғаны көрінеді. Келеңсіз әрекетті көршілердің бірі видеоға түсіріп, желіге жариялаған.

Астана қаласының Полиция департаменті құқық бұзушының жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, құқық бұзушының жеке басын анықтап жатыр. Ер адам анықталып, оқиғаның мән-жайы белгілі болған соң, оның әрекетіне құқықтық баға беріледі», - делінген жауапта.