Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алматы облысында тандыр нан сатып жүрген адамды пышақтап кетті

Алматы облысында тандыр нан сатып жүрген адамды пышақтап кетті
Фото: freepik

Алматы облысы Талғар ауданындағы Ақтас ауылында ер адам қаза тапты. Марқұм тандыр нан сатып жүрген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полицияның алдын ала мәліметінше, ер адамдар арасында сөзге келіспеушілік туындаған. Жанжал кезінде күдікті жәбірленушіні пышақпен екі рет ұрып, оқиға орнынан қашып кеткен. Ер адам алған жарақатынан көз жұмды.

Полиция 56 жастағы күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Департамент мәліметінше, күдікті кінәсін мойындаған.

Аталған факті бойынша адам өлтіру ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.