Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

"Бұл менің шешімім емес еді": Айкөл Алекжанова жеке өмірі туралы ашық айтты

"Бұл менің шешімім емес еді": Айкөл Алекжанова жеке өмірі туралы ашық айтты
Айкөл Алекжанова. Видеодан кадр: Youtube/Aitchy

Арман Жұмагелдиевтің бұрынғы жұбайы Айкөл Алекжанова экс-күйеуімен арадағы қарым-қатынас пен ажырасу жайын алғаш рет ашық айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның сөзінше, Арманға сот үкімі шыққан кезде өзі Бішкекте болған. Сол уақытта алдымен қызы, кейін өзі қызылшамен ауырып, отбасы үшін ауыр кезеңді бастан өткерген.

Айкөл сол сәтте күйеуін тастап кету туралы ойы болмағанын жеткізді.

"Оны осындай жағдайда тастап кету туралы ой болған жоқ. Мен оны тастамадым. Егер ол маған таңдау бергенде... Бірақ ол таңдау берген жоқ", – деді ол.

Бұрынғы жұбайы ажырасуға өзі бастамашы болмағанын да айтты. Оның сөзінше, екеуінің қарым-қатынасында түрлі қиындықтар мен қателіктер болғанымен, Арманның жағдайын ескеріп, көп нәрсеге түсіністікпен қарауға тырысқан. Алайда Айкөл ажырасуға нақты қандай жағдай себеп болғанын ашып айтпады. Тек шешімнің Арман тарапынан жасалғанын және кейін бәрін бұрынғы қалпына қайтару мүмкін болмағанын меңзеді.

"Барлық жағдайдың қалай болғанын айтқым келмейді. Бұл – жеке мәселе. Жалпы айтарым, ол солай қалады. Маған мұны қабылдаудан басқа амал қалмады. Ол қайтып оралмайтындай бір шектен өтті. Нақты не болғаны отбасымызда қалуы керек", – деді Айкөл.

Соған қарамастан, олардың арасындағы байланыс толық үзілмеген. Айкөл Арманды ортақ қызының әкесі ретінде қолдайтынын және ол үшін дұға ететінін жеткізді. Сондай-ақ ол қызының әкесін ұмытпауына ерекше мән беретінін айтты. Осы мақсатта балаға Арманның фотолары мен интернетте сақталған видеоларын көрсетіп отырады.

"Мен оны қолдаймын, ол үшін дұға жасаймын. Қызыма әкесінің суреттері мен видеоларын үнемі көрсетемін. Әкесін танып, есінде сақтағанын қалаймын. Ол өскенде әкесі оны жақсы көретінін, тек қасында бола алмайтынын түсінсе деймін", – деді ол.