Непал мен Қытайда болған ауқымды су тасқынынан кейін Қазақстан азаматының із-түзсіз жоғалғаны белгілі болды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz, typicalkaz-ға сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық әйел туристік топтың құрамында Непалдан Қытайға өткен. Осыдан кейін онымен байланыс үзілген. Қазіргі уақытта оның нақты қай жерде екені белгісіз.
Қазақстандық дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен тұрақты байланыста болып, азаматтың орналасқан жерін анықтау және іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұған дейін Непалдағы жойқын су тасқыны салдарынан мыңдаған адамның із-түзсіз жоғалғаны хабарланған.