Риддер қаласында мотокөлікпен келе жатып, ат байланған арқанға соғылып қаза тапқан 13 жастағы қыз жер қойнына тапсырылды. Жасөспірімді ақтық сапарға шығарып салуға қала тұрғындары жиналды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қайғылы жағдай 23 тамыз күні кешкі уақытта болған. 13 және 15 жастағы екі қыз мотокөлікпен қала көшелерінің бірінде келе жатып, ат байланған арқанға соғылған.
Рөлде отырған 13 жастағы жасөспірім ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Ал қасындағы 15 жастағы қыз ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлердің мәліметінше, екінші жасөспірімнің миы жеңіл дәрежеде шайқалған. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Оқиғаға байланысты полиция абайсызда адам өліміне әкелу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
"Кәмелетке толмаған адамның абайсызда қаза болуына байланысты Риддер қаласы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде. Жануардың иесі анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді", – деді ШҚО ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Ғазиз Нұралин.
Қазір тергеу жалғасып жатыр.
Дереккөз: "КТК" арнасы