Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Білім

Қазақстанда 1 қыркүйекте мұғалімге гүл сыйлауға рұқсат етілмейді

Қазақстанда 1 қыркүйекте мұғалімге гүл сыйлауға рұқсат етілмейді
Гүл ұстаған оқушы. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан мектептерінде 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл немесе басқа да сыйлықтар беруге рұқсат етілмейді. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Ақпарова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, жаңа оқу жылы қарсаңында аталған талап бойынша жергілікті атқарушы органдарға арнайы хаттар алдын ала жолданған.

"Мектеп қабырғасында гүл немесе қандай да бір сыйлықтар сыйлауға рұқсат етілмейді. Біз мұны бөлек жазып қойған болатынбыз. Сондықтан бұған қажеттілік жоқ", – деді Шолпан Ақпарова.