Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алматы облысында жеті жасар қызды 48 жастағы ер адам зорламақ болған

Алматы облысында жеті жасар қызды 48 жастағы ер адам зорламақ болған
Фото: видеодан кадр

Алматы облысында жеті жасар қызға күндіз көшеде бәзбіреу шабуыл жасап, зорламақ болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Күдікті бүлдіршіннің санын сипалап, киімін шешуге әрекет жасаған.

Оқиғадан кейін жергілікті тұрғындар алаңдап, балаларын далаға жалғыз шығаруға қорқып отырғанын айтқан.

Сорақысы, күдіктінің бұған дейін адам өлтіргені үшін сотталған болуы мүмкін екені айтылуда.

Бүлдіршіннің ата-анасы күдікті заң аясында тиісті жазасын алуы керек деп отыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.