Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Рыбакина US Open ширек финалына шықты

Рыбакина US Open ширек финалына шықты
Sports.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінің төртінші айналымында Жапония өкілі Наоми Осаканы жеңді. Кездесу 6:1, 6:4 есебімен аяқталып, 1 сағат 6 минутқа созылды, деп Arasha.kz тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша Рыбакина мансабында алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына шықты. Қазақстандық спортшы енді «Үлкен дулыға» санатындағы төрт турнирдің барлығында ширек финалда өнер көрсеткен теннисшілер қатарына қосылды.

Ширек финалда Рыбакина Париж Олимпиадасының 2024 жылғы чемпионы, Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен кездеседі.

Егер қазақстандық теннисші келесі кезеңде жеңіске жетсе, басқа қарсыластарының нәтижесіне қарамастан, әлемнің бірінші ракеткасы атанады.