Қазақстан құрамасының жас шабуылшысы Дастан Сатпаев жарақатына байланысты «Челси» клубының базасына оралды. Қазір футболшы Кобхэмдегі команда базасында қалпына келу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы британдық Mirror Sport басылымының шолушысы Бобби Винсент әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп Arasha.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сатпаев қазіргі таңда «Бернли» сапында жалға алынған ойыншы ретінде өнер көрсетіп жүр. Ол өткен аптада «Мидлсброға» қарсы матчта жарақат алып, ойынның екінші бөлігінде алаңнан ауыстырылған.
Бобби Винсенттің мәліметінше, футболшының оңалуына «Бернли» дәрігерлерімен қатар «Челси» мамандары да атсалысып жатыр. Екі клуб 18 жастағы ойыншының жарақаттан кейінгі дайындығын қалпына келтіру үшін бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін «Бернли» бас бапкері Ники Хайен Сатпаевтың жарақатына байланысты бірнеше апта алаңға шықпайтынын айтқан. Оның болжамынша, футболшы қыркүйек айының соңы мен қазан айының басындағы ұлттық құрамалар арасындағы үзілістен кейін толық қалпына келуі мүмкін.
Футболшының нақты қандай жарақат алғаны әзірге жарияланған жоқ.