21 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жылы ауа райы сақталады. Оңтүстік өңірлерде күндізгі температура +30°C-тан асса, солтүстік пен шығыста салыстырмалы түрде салқындау болады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қазгидромет болжамына сәйкес, Шымкент пен Түркістанда күндіз ауа температурасы +29…+31°C-қа дейін көтеріледі. Таразда +26…+28°C, Қызылордада +28…+30°C шамасында болады. Кей өңірлерде жел күшейеді.
Алматыда күндіз +25…+27°C күтіледі. Жел жылдамдығы 3-8 м/с, түнгі уақытта екпіні 13 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Қонаевта +26…+28°C, Талдықорғанда +23…+25°C болады. Талдықорғанда найзағай ойнауы ықтимал.
Елдің солтүстігі мен орталығында ауа температурасы төменірек болады. Астана мен Көкшетауда +22…+24°C, Қостанайда +23…+25°C күтіледі. Қарағандыда +22…+24°C, Жезқазғанда +26…+28°C болады.
Петропавлда күндіз +20…+22°C, Павлодарда +19…+21°C, Семейде +20…+22°C шамасында ауа райы болжанып отыр.
Батыс өңірлерде де күн жылы болады. Атырауда ауа температурасы +27…+29°C-қа дейін көтерілсе, Ақтөбеде +23…+25°C, Оралда +22…+24°C болады.
Өскеменде күндіз +21…+23°C күтіледі. Жел жылдамдығы 5-10 м/с шамасында болады.