Біріккен Араб Әмірліктерінде қаза тапқан екі қазақстандық бойжеткеннің ісіне қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі әзірге оқиғаның мән-жайы туралы қосымша ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
СІМ-нің ресми өкілі Жанболат Үсенов брифинг барысында тергеу мүддесіне байланысты ведомство қазіргі уақытта бұл іске қатысты егжей-тегжейлі түсініктеме бере алмайтынын айтты.
"Тергеу мүддесі үшін ешқандай ақпарат жарияланбайды. Сол себепті біз қазіргі уақытта бұл жағдайға қатысты түсініктеме беруге дайын емеспіз. Тергеу аяқталғаннан кейін нәтижелерін ұсынамыз және оларға қатысты пікір білдіреміз", – деді ол.
Осылайша, Ақжан мен Жұлдыздың қазасына қатысты нақты деректер тергеу аяқталғаннан кейін ғана жариялануы мүмкін.
Қазіргі уақытта істің қорытындысы мен ресми тергеу нәтижелері күтіліп отыр.