Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Екібастұзда алты жастағы баланы көлік қағып мерт қылды

Екібастұзда алты жастағы баланы көлік қағып мерт қылды
Фото: freepik

Екібастұзда көпқабатты үйдің ауласында жеңіл көлік алты жастағы баланы қағып, ол оқиға орнында қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы болғанын Павлодар облысының Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полицияның мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

«Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушылар жол ережесі мен жылдамдық режимін қатаң сақтауы керек. Әсіресе көлік қозғалысы қарқынды аумақтарда аса сақ болған жөн», – делінген полиция хабарламасында.

Қаза болған баланың туыстарының айтуынша, қайғылы жағдай 19 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында болған. Олардың сөзінше, көлік тізгінінде болған қыз аулада «жатқан полицей» бар екеніне қарамастан, көлікті тым жоғары жылдамдықпен жүргізген.