Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақта бірден чемпиондық белбеуге таласуы мүмкін

Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақта бірден чемпиондық белбеуге таласуы мүмкін
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегін бірден әлем чемпионы атағы үшін өткізуі мүмкін. Оның ықтимал қарсыласы – даниялық Джейкоб Банк, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Әлімханұлы мен Банк командаларына бос тұрған екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек ұйымдастыру жөнінде келіссөз бастауды тапсырды. WBO ресми сайтында да бұл кездесу бойынша келіссөз жүріп жатқаны көрсетілген.

Тараптарға келісімге келу үшін 15 күн берілген. Келіссөздің соңғы мерзімі – 7 қазан. Егер боксшылардың командалары ортақ мәмілеге келе алмаса, жекпе-жекті ұйымдастыру құқығы промоутерлік саудаға шығарылады.

Құжатта промоутерлік саудадағы ең төменгі ұсыныс 300 мың доллар болуы тиіс екені көрсетілген.

Жәнібек Әлімханұлы да әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы кездесу туралы пікір білдірді.

"Қарсылас анықталды! Егер ол да әлсіздің ізін баспай, айқасқа келіссе, алда үлкен шоу күтіп тұр! Жаңа салмақ! Бірден чемпиондық титул! Бұйыртса, екі салмақта әлем чемпионы атанамыз!" – деп жазды қазақстандық боксшы.