Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Си Цзиньпин АҚШ-қа үш күндік мемлекеттік сапармен барды

Си Цзиньпин АҚШ-қа үш күндік мемлекеттік сапармен барды
Фото: ЕРА

Қытай төрағасы Си Цзиньпин АҚШ-қа үш күндік мемлекеттік сапармен келді. Сапар 23-25 қыркүйекке жоспарланған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Си Цзиньпин мен оның жұбайы Пэн Лиюаньді АҚШ президенті Дональд Трамп Мэриленд штатындағы Эндрюс бірлескен әскери базасында жеке қарсы алды. Әуежайда қызыл кілем төселіп, ресми қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды.

Бұл Си Цзиньпиннің Вашингтонға он жылдан астам уақыттан кейінгі алғашқы сапары. Қытай басшысы АҚШ-қа Дональд Трамптың шақыруымен келген.

Сапар барысында екі ел басшыларының жеке кездесуі, ресми іс-шаралар және мемлекеттік кешкі ас өткізу көзделген.

Келіссөздерде АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастары, сирек кездесетін металдар жеткізілімі, жасанды интеллект саласындағы бәсеке және басқа да халықаралық мәселелер талқыланбақ. Тайвань тақырыбы да күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі ретінде қарастырылып отыр.

Қытай Сыртқы істер министрлігі сапар барысында екіжақты қарым-қатынас пен халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кең көлемді пікір алмасу жоспарланғанын мәлімдеді. Бейжің диалогты күшейтіп, екі ел арасындағы келіспеушіліктерді басқаруға мүдделі екенін атап өткен.