Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алматы тауларында 73 жастағы Оңтүстік Корея азаматы іздестіріліп жатыр

Алматы тауларында 73 жастағы Оңтүстік Корея азаматы іздестіріліп жатыр
Іздестіру жұмыстары. Видеодан кадр: ТЖМ

Алматы маңындағы таулы аймақта жоғалып кеткен 73 жастағы Оңтүстік Корея азаматын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Arasha.kz.

Ведомство мәліметінше, іздеу жұмыстары күрделі таулы бедерге, аумақтың кеңдігіне және биіктік айырмашылығының үлкен болуына байланысты қиындаған.

"Іздестіру-құтқару жұмыстары таулы жер бедерінің күрделілігіне, зерттелетін аумақтың ауқымдылығына және биіктік айырмашылығының едәуір болуына байланысты қиындап отыр. Құтқарушылар қол жетуі қиын учаскелерде, соның ішінде шатқалдар мен тау беткейлерінде жұмыс жүргізуде", - делінген хабарламада.

Іздестіруге ТЖМ мен полиция департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер тартылған. Жалпы 102 адам, 11 техника, төрт кинологиялық есеп, алты дрон және ТЖМ авиациясы жұмылдырылған.

Құтқарушылар таулы аймақтағы белгіленген учаскелерді үздіксіз тексеріп жатыр. Әсіресе қол жеткізу қиын шатқалдар мен тау беткейлеріне басымдық берілген.

Іздестіру-құтқару жұмыстары Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында.