Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ақмола облысында алтын іздеуге кеткен адам шахтада қаза тапты

Ақмола облысында алтын іздеуге кеткен адам шахтада қаза тапты
Фото: freepik

Ақмола облысында заңсыз алтын іздеумен айналысқан адам қайғылы жағдайға тап болды. Шахта ішінде тас құлап, ер адам үйінді астында қалып қойған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға Бестөбе кентіндегі шахталардың бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам алтын іздеу мақсатында шахтаға заңсыз кірген. Алайда жер астында жүрген кезінде жоғарыдан тас құлап, оны басып қалған.

Полицияның хабарлауынша, зардап шеккен азамат алған ауыр жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмған. Оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Қазір тәртіп сақшылары қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. Атап айтқанда, ер адамның шахтаға қалай кіргені және оқиғаның қандай жағдайда болғаны тергеу барысында белгілі болмақ.