Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Білім

Ақылы ҰБТ үшін қайта тестілеу басталды.

Ақылы ҰБТ үшін қайта тестілеу басталды.

Тамызда өтетін ақылы негізде ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. 

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, өтінім қабылдау 4 тамызда басталып, 6 тамызға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы жүргізіледі.

«Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Бұл ҰБТ-ға биыл және былтырғы мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектептерде білім алғандар қатыса алады», — делінген ақпаратта.

Оқуға түсу үшін шектік балл ретінде әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет.

Негізгі ҰБТ секілді тамыздағы тестілеу 10-13 тамыз аралығында электронды форматта өтеді. Тіркелу кезінде тест тапсырушылар емтихан өтетін орынды, күнді және уақытты өзі таңдайды.

Бөлісу