Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Білім

Қыркүйек айында астаналық оқушылар мектепке орала ала ма.

Қыркүйек айында астаналық оқушылар мектепке орала ала ма.

Фото:http:zhambylnews

«Қыркүйек айында астаналық оқушылар мектепке орала ала ма» деген сауалға Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

«Қыркүйекке дейін екі айдан астам уақыт бар. Егер эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, тіркелген ауру көлемі 2% -дан төмен болса немесе ешқандай ауру жұқтыру жағдайы тіркелмесе, онда біз бұрынғы өмір сүру қалпымызға ораламыз, ондайда балалар мектепке, студенттер өз оқу орындарында барып, білім ала алады», — деді Жанна Пірәлиева.

Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты 1-10 сыныптарға соңғы қоңырау онлайн режимінде өтті. Тек мектеп түлектерінің аттестат алу шарасы салтанатты жағдайда өтеді, бірақ ол барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізілуі тиіс.

Бөлісу