Владимир Путин тағы да орыстар мен украиндарды бір халық деп атап, Ресейдің әрекеті «рухани жақын халықты» қорғауға бағытталғанын мәлімдеді.
Ресей Президенті Владимир Путин Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПМЭФ-2025) барысында көрші мемлекет туралы тағы да бір арандатушы мәлімдеме жасады.
– Мен бірнеше рет айттым, орыс пен украин халқын бір халық деп есептеймін, осы мағынада бүкіл Украина — біздікі, – деді ол.
Бұл мәлімдеме екі ел арасындағы қақтығыс жалғасып жатқан тұста және Мәскеуге бағытталған халықаралық сын күшейген кезде айтылды. Украина билігі мұндай сөздерді бірнеше рет өз егемендігіне қол сұғу деп атаған.