Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Шымкент қаласында құрылыс компаниялары жауапкершілікке тартылды.

Шымкент қаласында құрылыс компаниялары жауапкершілікке тартылды.

Қалалық прокуратура тұрғын үй құрылысына үлескерлердің қаражатын тарту мақсатында заңсыз жарнама жасаған 4 компанияларды анықтағандарын мәлімдеді.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлілер ҚР ӘҚБтК 320-бабының 1-бөлігі (үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзу) негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 млн теңге айыппұл салынды.

Қала тұрғындарына үлестік құрылысқа қатыспас бұрын құрылыс компанияларының лицензиялары мен рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеріп, олардың құжаттарының дұрыстығына көз жеткізуге кеңес беріледі.

Үлескерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Бөлісу