Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Антикор Мәсімовтің күйеу баласы жайлы ақпарат бергендерге сыйақы бермек.

Антикор Мәсімовтің күйеу баласы жайлы ақпарат бергендерге сыйақы бермек.

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапеновке қатысты ақпарат үшін сыйақы беруге уәде берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Ресей Федерациясының азаматын іздеуде:

Қапенов Азамат Абайұлы, 12.04.1978 жылы туған, Пржевальск қаласы, Қырғыз Республикасының тумасы. Бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау».

«Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері анықталған не ықтимал орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда іздестіру бастамашысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне (мекенжайы Өскемен қаласы, Лихарев көшесі, 2) келесі телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: кезекші бөлім 8 (7232) 29-88-88, іздестіру тобы, ұялы телефон 8-708-908-92-79, (немесе электрондық поштаға жазыңыз kb.vko@antikor.gov.kz). Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі», — делінген хабарламада.

Бөлісу