Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Ұлытауда қаржы пирамидасын жарнамалағандар ұсталды.

Ұлытауда қаржы пирамидасын жарнамалағандар ұсталды.

Қаржылық мониторингі агенттігі Ұлытау облысы тұрғындарына қатысты қаржы пирамидасының жарнамасы мен басшылығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтағандарын мәлімдеді. 

Екі азамат 9 айдан астам уақыт бойы «MetaGo» қаржы (инвестициялық) пирамидасын жарнамалаумен айналысқан, сондай-ақ оның Жезқазған қаласындағы аумақтық құрылымдық бөлімшесін басқарған. 

«Аталған азаматтар жоғары табысты уәде ете отырып, облыс тұрғындарының инвестицияларын тартқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған тұлғалардың заңсыз қызметінен түскен табыс сомасы 68 млн теңгеден асты, сондай-ақ 37 млн теңгеден астам сомаға мүлікке тыйым салынды», — делінген хабарламада. 

Бөлісу