Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Маңғыстау облысының құрылысы басқармасының басшысы сотталды.

Маңғыстау облысының құрылысы басқармасының басшысы сотталды.

Ақтау қалалық сотында «Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің басшысы М.-ға және А.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Сотталушы М., «Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің басшысы бола тұра, «А» ЖШС-нің «Н» – мердігер компаниясымен Форт-Шевченко қаласында 260 орындық кәсіптік бағдар беру және өнертапқыштық өнер мектебінің құрылысына инженерлік қызмет көрсету және техникалық қадағалауды жүзеге асыру туралы келісім-шартты жасақтауға ықпал еткені үшін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің актілеріне қол қою үшін және жалпы болашақтағы қамқорлығы үшін «А» ЖШС-нің өкілі А.-дан 5 000 000 теңге пара алған», — делінген Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Сотталушылардың кінәсі куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындысымен және өзге де іс материалдармен дәлелденді.

Сот үкімімен ҚК-тің 366-бабының 2-бөлігімен М. кінәлі деп танылып, оны мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚК-тің 367-бабының 2-бөлігімен А. кінәлі деп танылып, ҚК-нің 55 бабының 4-бөлігін қолданып, оны мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген.

Бөлісу