Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Тоқаев дауға айналған Отбасы заңына қатысты пікір білдірді.

Тоқаев дауға айналған Отбасы заңына қатысты пікір білдірді.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның қызу талқысына түсіп, дауға айналған Отбасы заңына заңына қатысты пікір білдірді.
Мемлекет басшысы ойын Twitter парақшасына жазды.

«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау»— деп жариялады президент.

Осыған дейін көпбалалы аналар отбасыдағы зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа заңға өз қарсылықтарын ашық білдіріп, министрлік ғимаратына барды. Сонымен қатар, желіде эстрада жұлдыздары мен заңгерлер талқылады.

Бөлісу