Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Ақша жымқырды деген күдікпен «ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы ұсталды.

Ақша жымқырды деген күдікпен «ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы ұсталды.

Ірі мөлшерде қаражат жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі хабарлады.

«Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды», — делінген хабарламада.

Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды.

Бөлісу