Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Колония басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды.

Колония басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды.

7 наурызда Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің № 57 мекемесінің басшысы ұсталды. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», — деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, №57 мекеме Алматы облысы Заречное ауылында орналасқан.

Бөлісу