Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев ұсталды.

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев ұсталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  бұрынғы әділет министрі ұсталғанын хабарлады.

«Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады.

Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді», — делінген агенттік хабарламасында.

ҚазТАГ дереккөзге сүйене отырып, бұл Марат Бекетаев екенін жазды.

Марат Бекетаев  2016-2022 жылдары әділет министрлігін басқарды. Ол Қанды Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен босатылған еді.

Бөлісу