Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

«Уәдемде тұрмадым». Гүлмира Сатыбалдының соты жалғасып жатыр.

«Уәдемде тұрмадым». Гүлмира Сатыбалдының соты жалғасып жатыр.

Сотта сұрақ-жауап алу кезінде Гүлмира Сатыбалды өз кінәсін ішінара мойындайтынын мәлімдеді.

Астанада Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша сотта сотталушылардан сұрақ-жауап алынып жатыр. Гүлмира Сатыбалды өзіне тағылған қылмыстарға қатысты өз кінәсін ішінара мойындайтынын мәлімдеді.

«Мен кінәмді ішінара мойындаймын, бірақ 125-бап бойынша (айыптау құжатында 125-бап 2-тармақтың 1-8 бөлігі деп көрсетілген) тағылған айыпты мойындамаймын. Кісі ұрлады дегенді мойындамаймын. Егер оны ұрлап әкеткен болсам, қалай оны (Айгүл Мекешеваны) менің үйіме әкелсін деп айтамын? Бұл қисынға келмейді. Сондай-ақ басыну (айыптау құжатында ҚР ҚК 389-бабы 3-бөлігі деп көрсетілген) бабы деген бар. Ол арадағы бес пайызды мойындаймын. Мен оған 5%-ды (акция) уәде еткенмін және сол уәдемде тұрмадым», — деді Гүлмира Сатыбалды.

Бұған дейін Гүлмира Сатыбалды Айгүл Мекешевамен «Galanz Bottlers» және «Maxi Bottlers» компаниялары акцияларындағы жәбірленушінің үлесін өткізіп беру туралы медиативтік келісім жасасқан, деп жазды Zakon.kz.

Бөлісу