12-11-20 |
2120 рет қаралған
Иманғали Тасмағамбетов: Тәуелсіздігіне 30 жыл болған ел үшін бұл өте ұят!.
Иманғали Тасмағамбетов: Тәуелсіздігіне 30 жыл болған ел үшін бұл өте ұят!

Иманғали Тасмағамбетовтің «Қазақ әдебиеті» газетіне шыққан сұхбаты әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Сұхбатты белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлы алған. Уақытында жоғарғы лауазымды қызметтер атқарған адамның көзқарас, пікірі оқырман үшін қызықты екенін рас. Сұхбатта көп нәрсенің басы шалынып, біраз нәрсе айтылған. Әңгіме негізінен тарих, мәдениет, қоғам төңірегінде өрбіген. Иманғали Нұрғалиұлы соның ішінде қазақ тілі мәселесіне қатысты да ойын айтқан.

Мәселен, ол кісі былай дейді: «Өкінішті-ақ, бірақ тіл мәселесі біз үшін өзінің өзектілігін әлі жойған жоқ. Тәуелсіздігіне 30 жыл болған ел үшін бұл өте ұят.

2001 жылы осы Тәуелсіздіктің 10 жылдығын ат­ап өтетін болып, мемлекеттік комиссияның төрағасы болдым. Сол кезде 5 облысты таңдап тұрып, хат жаздым. Барлығына бір ғана – «іс-қағазды толығымен қазақ тіліне көшіріңдер» деген талап қойдым. Одан бері 20 жыл уақыт өтті. Білуімше, Қызылорда мен қазіргі Түркістан облысынан басқасында нәтиже жоқ.

Мәселе іс-қағазда ғана емес. Жаңа айтып өттім, жанашырлық ең бірінші биліктен бастау алу керек. Мәселе сонда. Билік қай тілде сөйлесе – халық та сол тілде сөйлейді». Соңғы сөйлем ойға қалдырады. Иманғали Нұрғалиұлы ұзақ жыл билікте болған адам. Бірақ қазақ тілі хақындағы бір мысалының астарында қолында билік тұрса да қойған талабын орындата алмағанын аңтады. 

Сұхбатта Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласы әкімі, премьер-министр, қорғаныс министрі болып тұрған кезде болған түрлі оқиғалар, жағдайлар, ситуациялар туралы сөз қозғалмаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.