28-04-21 |
1140 рет қаралған
Депутаттар Ashyq қосымшасының қауіпті тұсын қалпына келтіруді талап етті.
Депутаттар Ashyq қосымшасының қауіпті тұсын қалпына келтіруді талап етті

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Ashyq қосымшасының қауіпсіздігіне күмәнмен қарады. Бағдарламадағы жеке деректердің қауіпсіздікке сай келмейтіні айтылды.

«Пайдаланушылар оның жұмысына үш мыңға жуық сыни пікірлер, өтініштер мен шағымдар қалдырған. Олардың көпшілігі телефон нөмірі мен ЖСН секілді жеке деректердің сұралатынына наразы. Олар жеке деректер басқа мақсаттарға қолданылуы мүмкін деп алаңдаулы», – дейді депутат.

Сондай-ақ, Имашеваның айтуынша, қосымшаның қауіпсіздігіне күмән бар.

«Қосымшада кіруге болатын нысандардың тізімі жоқ. Мекемеге келмес бұрын сіздің мәртебеңізді тексеруге ешқандай мүмкіндік жоқ. Техникалық қолдау қызметімен байланысуға сілтеме жоқ. Тек қана кіру, тіркелу батырмасы ғана қарастырылған. Бұл қолайсыз, әрі қауіпті», – деді ол

Депутат қосымшаның меншік иесі болмағандықтан, халықтың күмәнін тудырып отырғанын айтты.

«Құрметті министр, бүкіл елге Ashyq қосымшасын пайдалануды ұсынбас бұрын, қолданушылардың пікірлерін ескере отырып, кері байланыс орнату қажет. Пайдаланушылар енгізген жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды пайдаланғаны үшін жауапты тұлғаларды бегілеуіңізді сұраймыз», – деп қорытындылады депутат.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.