14-07-21 |
1420 рет қаралған
Елімізде жұмысшылар өндіріс орнын Ресей алып кетеді деп дабыл қақты.
Елімізде жұмысшылар өндіріс орнын Ресей алып кетеді деп дабыл қақты

Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан ең ірі кен өндіру кешенінің 400-ге жуық жұмысшылары барынан айырылып қаламыз ба деп қорқады. Олардың айтуынша, егер өндіріс бөтен қолға өтетін болса жұмыссыз қаламыз дейді. Ал даудың басы басшылардың текетіресінен басталған. Тау-кен өндіру компаниясы мен серіктестерінің арасында финансиялық келіпеушіліктер туындаған. Бұл туралы «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды. 

Арты дау-дамайға ұласқан мұндай жағдайлар Петропавлдық кен өндіру комбинатының жұмысшылары үшін үйреншікті жайтқа айналғандай. Мәселенің шешілуі барысында іске тек ауызша ұрыспен қатар жұдырық та жұмсалады. Осындай жолмен жұмысшылар өз жұмыс орындарын сақтап қалғысы келеді. Олардың ең үлкен қорқынышы – жұмыссыз қалу. Ал ондай жандардың саны көп те емес, аз да емес 400-ге жетіп жығылады. Адал еңбегімен нанын тауып жүрген жандардың сөздерінше әлдекімдер комбинатты тартып алмақшы. Тартып алушылардың қызығатын жөні де бар, себебі бұл жер – титан рудасының ең үлкен көзі.

Өндірістің қазіргі басшылығы тең құрылтай өкілдері өздерінің үлесін басқа Ресейлік ірі компанияға сатып жіберді дегенге сендіргісі келеді. Және бұл заңбұзушылықтармен жүзеге асқан. Өндіріс шынымен де бөтеннің меншігіне өтіп кететін секілді. Ал әкімшілік мұнымен келіспейді. Істің толықтай нүктесін сот қоюы керек. 

«Қазіргі күні бізде 192 мердігер мен 233 адам жұмыс жасайды. Сондықтан, 400 жұмысшы – бұл минимум. Әрине жұмысшылар өз орындарын сақтап қалуға білек сыбана кіріскен себебі, менің пікірімше маған қандай көзқараста болса да, 400 жұмысшының орнын бірнеше адамның мүддесі үшін жойып жіберу дұрыс емес», – дейді компанияның тең құрылтайшысы Виктор Долгалев. 

Ал қарсылас тараптың өз шындығы бар. Өкілдер қажетті құжаттарды көрсету арқылы істің басқаша тарихын дәлелдеуге дайын.

«Мұны Виктор Иваныч белгілі бір адамдар ГОК-қа шабуыл жасайды деген мағынада келтіріп жатыр ғой, солай ма? ГОК-ті тартып алғысы келеді дейді ме? Ал менің сізге айтатын тұжырымым мынау – бұл «Тиолайн» ЖШС өзінің ГОК-қа нақты құқығын қалпына келтіру барысында жасап жатқан әрекеті. Яғни, өз құқығын пайдалану», – дейді заңгер Кирилл Саверский.

Бүгінде кәсіпорын айына екі мың тоннадан астам цирконий өндіреді. Өнім әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие болғандықтан мұндай зауытты басқару үшін күрес таңқаларлық жәйт емес екендігі түсінікті.  Алайда қызметкерлер әр таңын үреймен атырады: олар құрылтайшылар арасындағы тартыс өздерінің пайдасына шешілмеуі мүмкін деп қорқады.  

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.