18-01-23 |
2840 рет қаралған
Мемлекеттік органдар үшін басым мәселе: ашық деректермен неге жұмыс жасаймыз және оның пайдасы қандай?.
Мемлекеттік органдар үшін басым мәселе: ашық деректермен неге жұмыс жасаймыз және оның пайдасы қандай?

Мемлекеттік қызметкерлер эстон сарапшыларымен бірге шығармашылық зертхана форматында көпшілікке қол жетімді болуы тиіс ашық деректер, ақпарат түрлері стейкхолдердер қажеттілігі өлшемдері бойынша, олардың қоғам мен экономикаға пайдасы мен мүмкіндіктері жайлы пікір алмасты. Тренингті Астана Мемлекеттік қызмет хабы және
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Назарбаев Унивреситеті мемлекеттік саясат жоғарғы мектебімен бірлесе өткізді.
Бұл тренингті ұйымдастыруға Эстония, Канада, Еуропалық Одақ және Қазақстанның ашық деректер саясаты мен практикасы бойынша жасалған кең көлемді зерттеу нәиижелері негіз болған. Онда ашық деректер саналатын және айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік табысқа серпін беретін нақты мәліметтер айқындалған. Бұл мемлекеттік органдар саясатын жасақтауға және жеке сектордағы кәсіпкерлерге ашық деректердің құндылығын көрсетеді.
Тренингті Астана Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитеті төрағасы Алихан Байменов ашты. Ол өз сөзінде «мемлекет жинақтап, өңдейтін ақпарат азаматтар мен бинес үшін мейлінше ашық әрі қолжетімді болуы тиіс, бұл – заманауи мелекеттік басқару талабы», – деді. Ол сонымен бірге «ашық деректер халықтың мемлекетке деген сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлық және жалған ақпаратпен күрес құралы бола алатындығын», – атап өтті. Сондықтан да, дамыған елдерде «Ашық деректер», «Деректерге жалпы қолжетімділік» туралы заңдар бар.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қадиров Данияр ашық деректер саясаты ашықтықты арттыруда және азаматтардың ақпаратқа жария қол жеткізу құқықтарын кеңейтуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті. «Біздің бірінші кезектегі міндетіміз – халық, бизнес және ғылыми-зерттеу қоғамдастығы тарапынан ашық деректерге сұранысты арттыру, сондай – ақ мемлекеттік қызметшілерді сапалы ашық деректерді мерзімінде орналастыруға ынталандыру», – деп атап өтті Қадиров Данияр.
Тренингте ашық деректер тұжырымдамасы, олардың артықшылықтары және оларды не үшін пайдалануға болатындығы, стратегия мен құқықтық модельдерді қоса алғанда, халықаралық тәжірибе қарастырылды. Қатысушылар ашық деректерге қатысты компаниялардың қандай асыра пайдалану қатерлеріне кезігуі мүмкін екендігі талқыланды. Бұдан басқа, Қазақстанның ашық деректер порталы егжей-тегжейлі қаралып, Канада, Еуропалық Одақ және Эстония тәжірибесін ескере отырып, оны одан әрі дамыту жолдары талқыланды.
Сонымен қатар қатысушылар сын-қатерлер мен мәселелерді талқылауға және талдауға, саясатты тиімді әзірлеу және іске асыру бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік алды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.