Украинаның Донецк облысында қиянкескі ұрыс жүріп жатыр. Президент Владимир Зеленскийдің сөзінше, Ресей елге басып кіргеніне 1 жыл толар алдында шабуылды күшейткен.
Ол Мәскеу ақпараттық жағынан да қысымды арттырғанын мәлімдеді.
«Басқыншылар ақпанда символдық әрекет жасауды жоспарлап отыр деген мәлімет бар. Былтырғы жеңіліс үшін кек алуды көздейді. Майданның түрлі бөлігінда, ақпарат кеңістігінде қысым артып отыр. Дегенмен жағдай қаншалықты қиын болса да, төзу керек», – деді Украина президенті Владимир Зеленский.
Ресми Мәскеу де Бахмутта Украина әскерін бірнеше бағыттан ығыстырғанын мәлімдеді. Бұған қоса, олар мұнда Украина күштеріне құрал-жабдық жеткізетін жолды бақылауға алуға тырысып жатыр, деп жазды Zakon.kz.
Британия барлаушыларының дерегіне сай, Ресей күштері алдағы 10 күн ішінде ірі шабуыл бастауды жоспарлап отыр.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024