Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саясаткер Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш қою керек деп санайды.
Биыл Заманбек Нұрқаділовтың туғанына 80 жыл толып отыр. Осыған орай саясаткердің туған жеріне ескерткіш қойылатыны айтылды.
«Биыл белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен азаматтар аз емес. Заманбек Қалабайұлы – осындай тұғырлы тұлғалардың бірі. Ол егемендіктің алғашқы кезеңінде көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарды. Мемлекеттігімізді нығайтуда айрықша атсалысып, өңірлерді өркендетуге зор үлес қосқаны даусыз», – деп жазылған Тоқаевтың хатында.
Заманбек Нұрқаділов Алматының бірінші әкімі болды, сонымен қатар Алматы облысын басқарды, Мәжіліс депутаты болды, Төтенше жағдайлар министрі қызметін де атқарды. 2004 жылы наурызда мансабының шыңында ол Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық қарсылық көрсетті. 2005 жылы 12 қарашада Заманбек Нұрқаділов үйінде үш оқ жарақатымен өлі күйінде табылды. Ресми нұсқа бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсады деген болжам бар, бірақ бұл нұсқа әу бастан-ақ негізсіз болғандықтан сынға ұшырады.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024