12-03-21 |
530 рет қаралған
Ақтөбеде ит өртеген ветеринарлар елді шошытты.
Ақтөбеде ит өртеген ветеринарлар елді шошытты

Ақтөбеде ветеринарлардың қаңғыбас иттерді өртеп жатқан видеосы желіде тарап кетті. Ит аулаушылар ұсталған ит-мысықтың барлығын өртеп отырған. «ЗООмама» қоғамдық бірлестігінің басшысы Рабиға Сисенғалиева ветеринарлардың жұмысына тексерус жасауды сұрайды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Не істеп жатырсыңдар? Ит атуға тыйым салған. Қараңдар, иттердің өлексесін өртеп жатыр. 4-наурыз, 2021 жыл. Паналайтын жерде, міне, иттерді қалай өлтіріп жатыр», – дейді иттердің өртеліп жатқанын хабарлаған видео авторы «ЗООмама» қоғамдық бірлестігінің басшысы Рабиға Сисенғалиева.

Видеодан қаңғыбас ит пен мысықтан бөлек, қарғыбауымен жатқан үй жануарларын да көруге болады.

Тәртіп бойынша орталық көшеден ауланған жануарлардың қожайыны табылғанша ұсталуы тиіс.

«Үш иттің өлексесін біз көшеден әкелдік. Үш итке өз қожайындары арыз жазды. Бізге күнде-күнде түседі арыз. Сол үш ит келісіммен атылды. 20 күннен аса ұстадық. Күшіктер немен ауырып еді? Инфекциялық ауру», – деді Ақтөбе қаласы ветеринария станциясы директорының орынбасары Галий Шагалин.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.