12-10-20 |
720 рет қаралған
Ақтөбеде қылмыстық топ ұсталды (видео).
Ақтөбеде қылмыстық топ ұсталды (видео)

Ақтөбеде ұзақ уақыт жалған шот-фактуралар жазып, мемлекетке 3,5 млрд. теңгеден астам шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды. Бұл жайында ҚР Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі жөніндегі комитеті мәлімдеді.
«Қала тұрғынының 15 кәсіпорынды тіркеу және қайта тіркеуге қатысы бары анықталып, достары мен туыстарының атына рәсімделген кәсіпорындар басқа серіктестіктерге жалған қызмет көрсетіп, тауар жеткізген», – деді комитет өкілдерді.
Қылмыстық топтың әрекеті салдарынан мемлекетке аса ірі мөлшерде, яғни 3,5 млрд. теңгеден астам шығын келген. Бұл бюджетке төленбеген салықтар мен төлемдер. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.