03-02-21 |
650 рет қаралған
Ақтөбеде сотталған азамат «Үздік малшы» атанды.
Ақтөбеде сотталған азамат «Үздік малшы» атанды

Ақтөбеде пробация есебінде тұрып, соттылығын бас бостандығынан шектеу жазасымен өтеп жүрген азамат жылдың үздік малшысы атанды. Ол жүз сиырды 80 бұзауға көбейткен, деп хабарлайды Arasha.kz. 

Белгілі болғандай, сот жазасын өтеп жүрген азамат Ақтөбе облысы Қобда ауданының тұрғыны. Ол өз ұлының малшысы болып, шаруа қожалығындағы ірі- қара малын бағып жүр. Мал шаруашылығын жітік меңгерген кәсібилігінің арқасында өткен жылы шаруа қожалықтағы 100 бас ірі- қара малын 80 бұзауға көбейткен.

«Бір жылдан астам пробация есебінде тұрған сотталған азамат Ж.-ның қазіргі таңдағы тәртібі жақсы. Ол өзіне сот белгілеп берген талаптарды бұзбай орындап келеді»,- дейді Қобда аудандық пробация қызметінің инспекторы  әділет майоры Серік Айбеков.

Тұрғын ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталып, Қобда ауданы әкімінің 200 мың теңге сертификатына ие болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.