13-11-20 |
480 рет қаралған
Мусин қайтыс болған ұлының мүлкі үшін соттасып жатыр.
Мусин қайтыс болған ұлының мүлкі үшін соттасып жатыр

Ақтөбе және Атырау облыстарының бұрынғы әкімі, президент әкімшілігінің экс-басшысы Аслан Мусин қайтыс болған ұлының бизнестегі үлесін даулап жатыр. «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен соттасып жатқан зейнеттегі шенеунік туралы «Диапазон» басылымы жазды. Мусин «Ақтөбе» ӘКК мен туысының үстінен Ақтөбедегі азаматтық сотқа шағым түсірген.
2017 жылы Ригада қайтыс болған Асылбек Мусиннің Ақтөбенің Қарғалы ауылында 567 шаршы метрлік екі қабатты үйі қалған. Мұрагерлікті қабылдау кезінде нотариус басқа мүліктің болмағанын айтқан. Алайда, экс-әкім марқұмның құжаттарын қарап отырып, оның «Алико», «А-Полиграфия», «МК-Бизнес», «Портал-Б», «Мередиан-С» компанияларында жарғылық үлесі бар екенін анықтайды.
2013-ші жылдың 11-ші қарашасында Асылбек Мусин туысы Әнуарбек Мусинге сенімхат берген. Туысы бұл құжатты пайдаланып серіктестіктердің жарғылық капиталдарын «Ақтөбе» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ аударып жіберген. Бұл әрекеттердің барлығын заңсыз деп санайтын экс-шенеунік сотқа жүгінді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.