08-05-19 |
3330 рет қаралған
Нұр-Cұлтан билігі көп балалы отбасыларға басқа өңірлерге көшуді ұсынды.
Нұр-Cұлтан билігі көп балалы отбасыларға басқа өңірлерге көшуді ұсынды

Астанада тұрғын үйдің жетіспеушілігінен шенеуніктер көп балалы отбасыларға басқа аймақтардағы пәтерлер ұсынды, деп хабарлайды arasha.kz  КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Республиканың басты қаласында тұрғын үй кезегінде 3 мыңнан астам отбасы тұр.

Тұрғын үй мәселесін шешу үшін әкімдік өкілдері көп балалы отбасыларды көрші облыстарға қоныс аудару жөнінде бағдарлама әзірлеген. Астананы Екібастұздың билігі бірінші болып қолдады. Олар қоныс аударушыларға тіпті жекешелендіру құқығымен тұрғын үй беруге дайын.

«Бастапқы жарна қажет емес. Екібастұз қаласының әкімдігі жұмысқа орналасуға, яғни 120 мың теңгеден кем емес жалақы алып, жұмыс табуға көмектесуге міндеттеледі. Сіздердің балаларыңызды балабақшаға, мектептерге қабылдайды. Мектеп керек-жарақтарын береді. Сондай-ақ, 11 сыныпқа дейін тегін тамақтанады, ата-аналар мен балалар үшін жолақы беріледі»,-деді Нұр-Сұлтан қаласы «Тұрғын үй қоры» басқармасының баспасөз хатшысы Арманай Қабдешова.

Әзірше жаңа мемлекеттік бағдарлама бойынша көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы іске қосылды. Бұл пәтерлер жекешелендіру құқығынсыз беріледі. Жыл сайын бюджеттен осы мақсаттарға 50 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды КТК.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.