04-03-21 |
960 рет қаралған
Қарағандыда екі айлық нәресте подъезден табылды.
Қарағандыда екі айлық нәресте подъезден табылды

Қарағандыда қырқынан шықпаған нәрестені көрпеге орап, подъезге тастап кеткен. Көке анаға іздеу салынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қарағандылық тұрғын 3 наурыз түнгі сағат 00:00 шамасында Майқұдықтағы үйлердің бірінің подъезінен екі айлық қыз баланы тапты. Оқиға орнына шұғыл полиция шақырылып, баланың анасы іздестірілуде.

Нәресте 15-ықшам ауданнындағы көп қабатты үйдегі пәтер есігінің алдына көрпеге орап қалдырылған.

«Жергілікті тұрғындар нәресте туралы полицияға хабарлаған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Баланың дені сау, медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің » Қауіпте қалдыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп хабарлайды облыстық ПД.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.