07-02-21 |
1700 рет қаралған
Қарағандыда судья пара алу кезінде ұсталды.
Қарағандыда судья пара алу кезінде ұсталды

Әлеуметтік желіде судьяның пара алғаны жөнінде тараған ақпарат расталды. Ұсталған адамның аты-жөні, пара мөлшері туралы ресми органдар мәлімет таратқан жоқ, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы пара алып жатқан жерінде пұлтартпас айғақпен қолға түсті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жоғарғы Соттың Ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, Қарағанды облысы МАЭС судьясын пара алу кезінде ұстады. Тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды»,- деп жазды Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі Facebook парақшасында.

Айта кетсек,  осыған дейін әлеуметтік желілер мен интернет-мессенджерлерде тараған мәліметтерде судьяның 6 ақпан күні 30 мың еуро көлемінде пара алғаны туралы ақпарат тараған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.