04-02-21 |
1890 рет қаралған
Қарағандыда темір рудасы Қытайға заңсыз сатылған.
Қарағандыда темір рудасы Қытайға заңсыз сатылған

Қаржылық мониторинг агенттігі қарағандылық компанияның Қытайға 120 тонна темір рудасын заңсыз сатқанын анықтады, -деп хабарлайды Arasha.kz.

Агенттік мәліметінше,  2021 жылдың қаңтарында Қарағанды ​​облысында темір рудасының көрші мемлекетке заңсыз жөнелтілгені анықталды. Компанияға жүргізілген тексеру кезінде 2016-2017 жылдары Қытайға үлестес кәсіпорын арқылы  128 тонна темір руда жөнелткені белгілі болды.

Анықталған заңбұзушылықтардан компанияның 1 миллиард теңгеден астам пайда көргені белгілі болды.

Оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 214-бабының 2-бөлімі (Бір топ адам бірнеше рет аса ірі көлемде жасаған заңсыз кәсіпкерлік) бойынша тергеу басталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.