Облыстық перинаталдық орталықта ерекше жағдай орын алды. Анатомиялық ерекшелігі бар босанушы екі баланы 2 ай айырмашылығымен босанды.
Бірінші қыз баланы, Лилия Коновалова мамыр айында босанды. Бала шала туған, салмағы 850 грамм болатын, дәрігерлердің күш-жігерімен жан сақтау бөліміне жеткізілді.
— Бірінші бала 24 мамырда дүниеге келді. Оған ұзақ реанимациялық көмек қажет болды. Содан кейін оңалту кезеңінен өтті. 9 тамыз күні кесіп алу арқылы қыздың 2900 салмағы бар інісі дүниеге келді. Қазір екі бала да анасымен бірге тұрады, — деді облыстың бас неонатологы Нұргүл Жүнісова.
Екі баланың анасы шаршаңқы, бірақ бақытты көрінді.
— Менің тағы бір қызым бар, ол 7 жаста. Баланы біз Максим деп атадық, ал қызы Лия. Мен анатомиялық ерекшелігім туралы білдім, бірақ оған ешқашан ерекше мән бермедім. 23 мамырдан бүгінгі күнге дейін мен осында тұрамын, – деді ол журналистерге.
Соңғы 60 жылда бүкіл әлем бойынша мұндай жағдайлар 70-тен астам болды. Қазақстанда бұл алғашқы тіркелген жағдай.
— Бұл ерекшелік туралы біз бірден білдік. Сондықтан, біздің мамандар екіншісін босандырып алу туралы шешім қабылдады. Осы уақыт ішінде анасы біздің орталықта, қызының қасында болды. Менің жадымда бұл алғашқы оқиға. Мен Алматыдағы әріптестерімнен кеңес алдым, бұл бүкіл Қазақстанға тіркелген алғашқы жағдай сияқты, — деп хабарлады ОПО директорының орынбасары Есет Ералин.
Дереккөз: Орал апталығы
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024