06-05-19 |
10990 рет қаралған
Оралда бос плакат ұстаған жігітті полиция ұстап әкетіп, плакатқа бірдеңе жазуын сұраған (видео).
Оралда бос плакат ұстаған жігітті полиция ұстап әкетіп, плакатқа бірдеңе жазуын сұраған (видео)

Оралдағы Абай атындағы алаңға бос плакатпен шыққан қала тұрғынын полиция қызметкерлері ұстап әкетіп, плакатқа бірдеңе жазуын сұрап, бөлімшеде жарты сағат ұстаған.  Бұл туралы «Уральская неделя» басылымы хабарлайды.

24 жастағы Аслан Сағұтдинов 6 мамыр күні таңертең қала әкімдігі алдындағы Абай атындағы алаңға бос плакат ұстап шыққан. Оның айтуынша, ол Қазақстанда сөз бостандығы мен демократия жоқ екенін көрсету үшін таза қағаз ұстап шықты.

— Мен пикетке қатыспайтын қарапайым азамат екенімді көрсеткім келеді, бірақ плакатымда ешқандай жазу болмаса да, полиция бөліміне алып кетеді. Мен ешқандай ұранды жоққа шығармаймын. Менің атым Аслан Сағутдинов, және мен тарихында әуелден еркін Қазақстан халықы бүгін де еркін болып қалғанын қалаймын, – деді ол журналистердің алдында сөйлеген сөзінде.

Аслан Сағутдинов бос плакат ұстап бес минуттай ғана тұра алған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ербол Көшеков дереу келіп, бөлім басшысы бірден белсендіні ешкім ұстамайтынын мәлімдеп, ұялы телефон арқылы сөйлесу үшін шеткері кетті.

Бірнеше минут өткен соң жол-бекеттік полиция қызметкерлері келіп, полиция машинасына Аслан Сағутдиновты күшпен отырғызды. Егер ол ұрандап ештеңе айтпаса, плакатында ешқандай жазу болмаса оны неге ұстайды? -деген сұраққа қызметкерлер «өздері анықтайтындығын» айтты деп жазады Уральская неделя.

Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, белсендіні плиция бөлімшесінде жарты сағаттай ұстап, плакатқа бірдеңе жазуын сұраған.

– Полицейлер әкімшілік хаттаманы рәсімдеу үшін мені плакатқа бірдеңе жазуымды сұрады. Мен бас тарттым, менен түсініктеме алып, үйге жіберді, — дейді Аслан Сағутдинов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.