16-06-21 |
890 рет қаралған
Оралда күзетте тұрған сарбаз қаза болды.
Оралда күзетте тұрған сарбаз қаза болды

Оралда мерзімді әскери қызметші өзін-өзі атып тастады деген ақпарат тарады. Қайғылы оқиға 16 маусым күні таңғы уақытта болған.

Сарбаз қаладағы түзеу мекемелерінің бірінде күзетте болған. Ол ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілді. Артынша сарбаз жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«Қару-жарақпен күзетте тұрған қарапайым сарбаз өзіне-өзі оқ атқан. Сарбаз жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жіберілді. Дәрігерлердің күш салуына қарамастан, сарбазды құтқару мүмкін болмады. Қазіргі уақытта гарнизонның тергеу органдары тергеу шараларын жүргізуде», – дейді әскери бөлім командирінің орынбасары Жәнібек Сәрсенов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.